Әл-Фараби атындағы ҚҰУ проректоры лауазымынан уақытша шеттетілді
АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Министрдің міндетін атқарушы М.К. Орынхановтың 2012 жылғы 19 қыркүйектегі №151-НС бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 50-бабының 1,4-тармақтарына сәйкес,
Евгений Алексеевич Ан жұмыстан шеттетуге негіз болған себептің анықталуы және (немесе) жойылуына дейінгі мерзімге, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректоры лауазымы міндетін орындаудан уақытша шеттетілді»,-делінген ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында.
Оған Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Алматы қаласы бойынша департаментінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі қылмыстық іс қозғау және өз өндірісіне қабылдау туралы қаулысы негіз болған.