Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаттарын марапаттау Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
None
None

Гүлшара Әбдіқалықова ұзақмерзімді «Қазақстан-2050» стратегиясы мен Бес институционалдық реформаны одан әрі іске асыру ісінде экономикалық өсу мен адами капиталдың дамуын қамтамасыз ететін елдің маңызды стратегиялық ресурсы ретінде ғылымның рөлі ерекше екенін атап өтті.

- Бұл реформалар білімге негізделген ұлттық экономиканы қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан ғылыми қызметтің беделін арттыру, сондай-ақ ғалымдарды үздік ғылыми зерттеулерге ынталандыру, инновацияларды енгізу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығы тағайындалды, - деді Мемлекеттік хатшы.

Сыйлыққа үміткер ретінде экономиканың түрлі салаларында жаңа өнім мен технологияларды жасап шығару жөнінен мойындалған ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызмет нәтижелері ұсынылды.

3 маусымда комиссияның алғашқы отырысы өтіп, онда 26 жұмыс қаралды, соның 9-ы одан әрі конкурсқа қатысу үшін ұсынылды.

Алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізбесі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды. Екі ай ішінде оларды көпшілікпен талқылау жөніндегі іс-шаралар жүргізілді.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия Елбасыға ұсынылатын үміткерлерді анықтады.

Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаттарын марапаттау Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар