Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты бойынша экс-полицейге сот үкімі шықты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Медеу ауданының қылмыстық істер жөніндегі сотында бұрынғы полиция қызметкеріне сот үкімі шығарылды.

приговор суд
Фото: Kazinform / ЖИ

Үш адамның өмірін қиған жол апаты кезінде Алматы қаласы полиция департаменті бастығының экс-орынбасары Ержан Ұзабаевтың жүргізуші қызметін атқарған Әсет Жақсылықовтың ісі сотта қаралды.

Ол қайғылы оқиға болған сәтте Александр Пактың қасында екінші көлікті басқарған. Сот үкімімен Жақсылықов ҚР Қылмыстық Кодексiнің 370-бабы (қызметтегi әрекетсiздiк) бойынша кінәлі деп танылды және 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Бұл ақпаратты Алматы сотының баспасөз қызметі растады.

Еске салайық, 2026 жылғы 21 наурызға қараған түні Zeekr көлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылының бойымен келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл оқиға бойынша сотта Әсет Жақсылықовтан да жауап алынған болатын.

Кейін 22 маусымда сот Александр Пакті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды⁠. Сондай-ақ сотталушы Пак өмір бойына жүргізуші куәлігінен (көлік басқару құқығынан) айырылды. Қаза тапқан қыздың әкесіне тиесілі талап арыз ішінара қанағаттандырылып, 10 миллион теңге көлемінде өтемақы белгіленді.

Тамыз айында Александр Пактың ісі апелляциялық сотта қаралды.