Әл-Харам мешітінде кранның құлауы салдарынан қаза тапқандар саны 87-ге жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әл-Харам мешітінде кранның құлауы салдарынан қаза тапқандар саны 87-ге жетті. Бұл туралы РИА Новости Сауд Арабиясының азаматтық қорғанысына сілтемемен хабарлады.
Бұған дейін апаттан 65 адам қаза болып , 184-і жараланғаны туралы хабарланған.
БАҚ келтірген мәліметтерге сүйенсек, кранның құлауына жаңбыр мен қатты соққан жел себеп болған.