Әл-Харам мешітіне кран құлап, 65 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Меккеде әл-Харам мешітіне кран құлап, 65 адам қаза тапты, 80 адам жарақат алды.

Әл-Харам мешітіне кран құлап, 65 адам қаза тапты

Бұл туралы Сауд Арабиясының билік өкілдеріне сілтемемен Би-би-си хабарлады.

Оқиға орынында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Бір айға жуық уақыттан соң қажылық маусымы басталады. Былтыр құрылыс жұмыстарына байланысты әл-Харам мешіті қажылық парызын өтеймін деушілерді жылдағыдан аз қабылдаған.