16:54, 14 Шілде 2009 | GMT +5
«Ал-Каеда» Қытайға қаза тапқан ұйғырлар үшін кек алатынын білдіріп сес көрсетті
МӘСКЕУ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат - «Ал-Каеда» Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде қаза тапқан мұсылман ұйғырлар үшін кек алуға уәде етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Ақпараттарға қарағанда «Ал-Каеданың» «Ислам Мағрибіндегі Ал-Каеда» деген атаумен белгілі және Алжир, Марокко және Тунис аумағында әрекет ететін солтүстік-африкалық бөлімшесі солтүстік Африкада жұмыс істейтін қытайлық мигранттарға қарсы бірнеше лаңкестік әрекеттер жасау жөнінде сес көрсетті. Айталық, Алжирде 50 мыңға жуық қытайлықтар жұмыс істейді.