17:06, 15 Қазан 2013 | GMT +5
«Әл-Каида» басшысы Нью-Йоркке жеткізілді
АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - АҚШ билігі «Әл-Каида» ұйымының серкесі Абу Анас әл-Либиді Нью-Йоркке жеткізді.

Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Лаңкестік әрекеттері үшін айыпталған ол сот алдында жауап беруі тиіс еді. Алайда ол С гепатитінің ауыр түрімен ауруханада жатыр. Мұның сот ісіне әсер етер-етпесі әзірге белгісіз. Айта кетейік, лаңкес 5 қазанда Ливия астанасы маңынан АҚШ-тың арнайы операциясы кезінде құрықталды. 1998 жылы Кения және Танзаниядағы АҚШ елшіліктеріндегі жарылыстарға қатысы бар содырды қолға түсіру үшін 13 жыл қажет болды. Оның жасырынған жері жайлы ақпарат берген адамға АҚШ билігі 5 миллион АҚШ доллары сыйақы дайындаған.