12:50, 02 Желтоқсан 2015 | GMT +5
«Әл-Каида» содырлары Йеменнің оңтүстігіндегі екі қаланы басып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әл-Каида» террорлық тобының содырлары Йеменнің оңтүстігіндегі Джаар және Зинджибар қалаларын басып алды. Бұл туралы «Reuters» агенттігіне сілтеме жасап «ТАСС» хабарлады.
Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, экстремистер елді мекендерге кіреберісті бақылауға алған.