«Әл-Каида» содырларын уағыз арқылы және фитнеспен тезге салатын болды

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Эр-Риядта «Әл-Каиданың» тұтқындалған және сотталған содырларын оңалту орталығы ашылатын болды.
None
None

Аталмыш орталық ішкі істер министрі, ханзада Мұхаммед бин Наифтың қаржысына ашылып отырғанын айта кету керек.

Орталықта діни қайраткерлер, психологтар, массаж жасаушылар және фитнес жаттықтырушылар жұмыс істейтін болады. Бұл жайында «Франс-Пресс» хабар таратты.

Орталық бір мезгілде 228 адамды қабылдай алады. Өзін жақсы жағынан көрсете білген тұтқындарға екі күндік демалыс беріледі.

muslim.kz сайтының жазуынша, мұндай орталық бұған дейін Жидда қаласында да ашылған еді. Алайда, астаналық кешен оған қарағанда әлдеқайда жайлы болып шықты. Жақын арада елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде осындай тағы үш кешен ашылады.

Орталықта Сауд Арабиясында қолға түсіп, қамауға алынған үш мыңдай радикал тәрбиеленеді. Егер оңалту шаралары өз нәтижесін берсе, оларды бостандыққа шығарады.

Соңғы жаңалықтар