«Әл-Каида» Усама бен Ладеннің өлімін растады

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - «Әл-Каида» бірінші рет көшбасшысы Усама бен Ладеннің өлімін растаған мәлімдемені халыққа жария етті.
None
None

Рейтер агенттігіне сілтеме жасай отырып, Би-Би-Си агенттігі хабарлағандай, мәлімдеме 3 мамыр күні исламистік сайттардың біріне жарияланған, оны интернетке мониторинг жүргізу жөніндегі американдық SITE тобы көрген.

Мәлімдемеде «Әл-Каида» «бен Ладенннің қаны үшін» кек алуға мүдделі екені және АҚШ пен оның одақтастарына шабуыл жасауды жалғастыратындығы жазылған.

Соңғы жаңалықтар