«Әл-Кайеда» Жакартадағы жарылыстарды ұйымдастырғанын мойындады

АСТАНА. Шілденің 30-ы.  ҚазАқпарат - «Әл-Кайеда» Жакартадағы    лаңкестік әрекеттер  үшін жауапкершілікті      өз мойнына  алды, 

«Әл-Кайеда»    Жакартадағы жарылыстарды  ұйымдастырғанын  мойындады

деп хабарлайды ҚазАқпарат  «Эхо Москвы» радиостансасына сілтеме  жасап.

Осыдан  екі апта бұрын онда  бірнеше  жарылыс болып,  олардың салдарынан   сегіз  адам  қаза болған  еді.  Индонезия    полициясына       лаңкестік  желінің    индонезиялық   бөлімі саналатын   «Жемаа  Исламия»   ұйымының жетекшісі  Ноордин  Мохаммед  Топадан электронды  хат    келіп түскен.  Сарапшылар    қазір хатты тексеріп    жатыр.   Ноордин   Мохаммед  Топаны  жергілікті полиция  2002 жылы Балидегі    түнгі клубтағы жарылысты  ұйымдастырған  басты күдікті  деп  санайды,   Балидегі  жарылыста 202 адам   қаза болған  еді.