«Альнаир Кэпитал Холдинг» АҚ-ы Қазкоммерцбанктің 28,5 пайыз жай акцияларын сатып алды
АЛМАТЫ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Қазкоммерцбанк «Альнаир Кэпитал Холдинг» АҚ-нан («Альнаир») банктің қосымша акцияларын салып алу үдерісі аяқталғаны туралы ресми хабарлама алғанын мәлімдеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Енді Альнаирге «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның 28,565 пайыз жай акциясы тиесілі. Сондай-ақ екі жақтың келісімі бойынша Альнаир банктің 6,448 пайыз жай акциясы туралы Альнаир мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» арасындағы банк акцияларын сенімді басқару туралы келісімнің күші жойылды. Қазіргі таңда Альнаир Қазкоммерцбанктің 222 408 342 жай акциясына иелік етеді. Бұл банктің орналастырылған жай акцияларының 28,565 пайызын құрайды.
Жасалған мәміле банктің өзге ірі акционерлерінің - Нұржан Сұбханбердин мен «Орталықазиялық инвестициялық компания» АҚ-ы, Еуропаның қайта құру және даму банкі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның үлесіне әсер еткен жоқ.