Альпі курорттардың жоғалатын мерзімі аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық ғалымдардың болжауынша, 2100 жылы Альпі тауларындағы қазіргі қар жабынының 70 пайызы жоғалады, деп жазды Лента.ру.
None
None

Жаһандық жылынудың қазіргі қарқынымен ғалымдардың болжамы шындыққа жанасады. Бұл жағдайда ғасыр соңына қарай, теңіз деңгейінен 2,5 мың метрден төмен аумақтардағы қар жабыны жоғалады. Шаңғы тебу маусымы бір айға дейін қысқарады және үш мың метрге дейінгі биіктіктегі қар жабыны 40 пайызға азаяды.

Авторлар жаһандық жылынудан ең алдымен теңіз деңгейінен 1,2 мың метр төмен орналасқан тау-шаңғы базаларының зардап шегетінін атап өтті. Бұл аумақтарда Альпі нысандарының шамамен төрттен бір бөлігі орналасқан. 

Соңғы жаңалықтар