Альпіде 45 жыл бұрын із-түзсіз жоғалған альпинистердің мүрделері табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцариялық Альпі тауы маңынан 1970 жылы жоғалған екі альпинистің мүрдесі табылды, деп хабарлады BBC News.
None
None

Сүйектер 2,8 шақырым (9,2 мың фут) биіктіктен табылды. ДНК-тестін жасағаннан кейін, Женевадағы жапон консулдығы бұлар Мичио Оикаве мен Масаюки Кобаясидің мүрделері екенін мәлімдеді.

Мәйіттерді тасымалдауға қатысқан мамандар оларды жапон альпинистері қаза тапқан маңнан алыстау жерден тапқанын атап өтті. Олардың қаза болуына тау мұзының толассыз еруі себеп болған.

Соңғы жаңалықтар