22:44, 18 Ақпан 2017 | GMT +5
Альпіде қар көшкінінен үш адам мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Альпі тауларының италиялық бөлігінде қар көшкіні салдарынан жергілікті үш тұрғын мерт болды.

Жұма күні олар шаңғы тебуге шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды Мир.24 La Stampa-ға сілтеме жасап.
Оқиға Котск Альпі тауларындағы Шабертон аумағында болды. Бір жолсерік пен кәсіпқой екі тау-шаңғышы белгісіз бөктерге аттанып, оларды қалың қар басып қалған.
«Үшеуінің Альпі тауларына аттанғаны алғаш емес, барлық қауіпсіздік шараларын білетін және өздерімен қажетті құралдардың барылығын алған. Кенеттен түскен қар көшкіні оларды қазаға ұшыратты», - деп жазады La Stampa.