Альпіде ресей туристері мінген қарда жүретін көлік апатқа ұшырады
АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Итальяндық Альпіде ресейлік туристер тобы қаза болды. Олардың қарда жүретін көлігі 100 метр биіктіктен құлап кетті, деп хабарлады РБК.
Қолда бар мәліметтерге көз жүгіртсек, орын алған оқиғаның салдарынан Италияның солтүстік-шығысындағы Тренто елді мекенінде 6 адам қаза болды, 2-уі әлі ауыр халде. Олар әскери ұшақпен Санта Кьяр ауруханасына жеткізілді, дәрігерлер туристердің өмірлеріне араша түсуге тырысуда.
Жергілікті БАҚ хабарлағандай, қаза болғандардың ішінде 4 ер адам мен 2 әйел бар. Олардың есімдері анықталуда.
Апат қандай себептерге байланысты орын алғаны әзірге белгісіз. Қарда жүретін көлікті ресейлік азамат басқарғаны мәлім. Ол басқару тетігіне ие бола алмады деген болжам жасалуда, куәгерлердің айтуынша қарда жүретін көлік қоршаудан шығып кетіп, жыраға аударылып кеткен.