Альпы Туры: «Астана» велошабандозы бірінші кезеңде жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат -  «Астана» велошабандозы Микеле Скарпони «Альпы Турының» бірінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Альпы Туры: «Астана» велошабандозы бірінші кезеңде жеңіске жетті

Ол ұлыбританиялық Герайнт Томасты (екінші орын) және француздық Тибо Пиноны (үшінші орын) басып озды.

Сонымен қатар «Астана» командасының тағы бір велошабандозы Дарио Катальдо мәре сызығын алтыншы болып кесіп өтті.

Айта кетейік, Скарпони мен Катальдодан басқа «Астана» құрамасында Жандос Бижігітов, Сергей Чернецкий, Морено Мозер, Луис Леон Санчес, Паоло Тиралонго және Андрей Зейцтер өнер көрсетуде.