10:21, 26 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Альварес 2017 жылы Головкинмен кездесуді жоспарлап отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикандық Сауль Канело Альварес алдағы жылдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

«А жоспары бойынша Канелоның қарсыластары кіші Хулио Сезар Чавес пен Геннадий Головкин болады. Ал «Б» жоспары бойынша ол Чавеспен кездесуді Билли Джо Сондерске алмастырады»,-деді осы жағдай жөнінде ақпараттардан хабардар ESPN тілшісі Салварадо Санчес.