16:46, 20 Қазан 2016 | GMT +5
Альварес 2017 жылы Сондерспен және Головкинмен кездесу өткізбек
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес 2017 жылы Билли Джо Сондерс және Геннадий Головкинмен кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақпарат Sports.kz. сайтына сілтеме жасап.

Шамамен, Сондерспен жекпе-жек мамырда өтсе, Головкинмен - қыркүйекте өтпек.
«Бұл жақсы жоспар деп ойлаймын (Сондерспен және Головкинмен кездесу)», - деді Альварес El Vocero басылымына берген сұхбатында.
«Келесі жылғы жоспарымыз - орта салмаққа ауысып, чемпиондық титулды ұту. Мұны WBO-мен жасай аламыз, бұны ойластырдық. Қазір мен үшін ең бастысы - жарақатымнан емделуім қажет».