Альварес: Головкин барлығы айтып жүргендей соншалықты алпауыт емес

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварес бүгін Лас-Вегас қаласында қазақстандық Геннадий Головкинмен өткен айқастың тең аяқталуына орай пікір білдірді.
None
None

«Головкин мықты. Оның күші менің өзге қарсыластарымның күшінен ерекше. Бірақ ол бәрі айтып жүргендей соншалықты алпауыт емес. Мен оны сезінгенім жоқ. Оны нокаутқа жібергім келді, барлығын осы жерде және тап қазір аяқтағым келді. Бірақ алдымда ерекше қарсылас тұрды. Головкин - мықты әрі тәжірибелі жауынгер, сондықтан ойлағанымдай болмады», - деп келтірді Альварестің сөзін Boxing Scene сайты. 

Айта кетейік, бүгін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес тең түсті . Әлемге танымал боксшылар Головкинді жеңді деп есептейді . Көпшілік жұрт 118-110 есебімен жеңісті "Канелоға" беріп қойған төреші - Аделаида Бердтің шешіміне наразы .

Аталмыш айқаста жеңімпаз анықталмағанымен, GGG барлық белбеулерін (WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша) сақтап қалды. Қазақстандық боксшы реванш өткізуге дайын екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар