Альварес: Головкин екеуміздің жекпе-жегіміздің жеңімпазы ең мықты боксшы атануы тиіс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварестің пікірінше, орта салмақтағы IBF/IBO/WBA/WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен болатын кездесу салмақ дәрежесіне қарамастан ең мықты боксшының кім екенін көрсетіп береді, деп жазады sports.kz.

Альварес: Головкин екеуміздің жекпе-жегіміздің жеңімпазы ең мықты боксшы атануы тиіс

«Бұл туралы жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері де айтып жатыр. Олар осы жолғы кездесу әлемдегі ең мықты екі боксшының жекпе-жегі болуы мүмкін екендігін айтуда. Мен бұл пікірмен келісемін. Осы жекпе-жектің жеңімпазы әлемнің ең мықты боксшысы болуы керек»,-деген сөзін келтіреді Альварестің BoxingScene.

Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.