Альварес Головкинмен реванш қашан өтуі мүмкіндігін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварес биыл ешбір жекпе-жек өткізбейтінін мәлімдеді.
None
None

«Биыл жыл соңына дейін демаламын. Егер реванш болып жатса, ол келер жылдың мамыр немесе қыркүйек айлары болады. Оның нақты қашан өтетінін айта алмаймын, бір ғана нақты білетінім - Канэлоның дәуірі келді», - деп атап өтті бүгін Головкинмен айқасынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Альварес.

Оның промоутері Оскар Де Ла Хойя келісімнің  реваншқа қатысты шартын міндетті түрде пайдаланытынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бүгін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестең түсті.  Әлемге танымал боксшылар Головкинді жеңді деп есептейді . Көпшілік жұрт 118-110 есебімен жеңісті "Канелоға" беріп қойған төреші - Аделаида Бердтің шешіміне наразы .

Аталмыш жекпе-жекте жеңімпаз анықталмағанымен, GGG барлық белбеулерін (WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша) сақтап қалды. Қазақстандық боксшы реванш өткізуге дайын екенін жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар