08:34, 19 Қаңтар 2015 | GMT +5
Альварес Головкинмен жұдырық түйістіруді жоспарлап отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Промоутер Оскар де ла Хойя канадалық боксшы Давид Лемье (33-2, 31 KO) мен бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Сауль Альваресті (44-1-1, 31 KO) бір шаршы алаңға шығармақшы екенін айтты. Осыған дейін де ла Хойя Альварес пен орташа салмақтағы WBC чемпионы Мигель Коттомен жекпе-жегі болмайтынын хабарлаған.
Бұл туралы sports.kz хабарлады.
«Альварес үздіктермен жекпе-жекке шыққысы келеді. Лемье де соны қалайды. Алайда қазіргі уақытта назарымызды Котто, Энди Ли немесе Головкинге аударамыз», - деген де ла Хойяның сөзін Boxing Scene келтірді.