Альварестің промоутері GGG командасымен келіссөздер қалай өткендігін айтып берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің айқасы бойынша келіссөздердің кейбір тұстарын айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz.
«Келіссөздер туралы егжей-тегжейлі айтып бере алмаймын, себебі онда жариялауға болмайтын тармақтар бар. Бірақ, боксшылардың көңілінен шығатынына сенімдімін.
GGG мен «Канело» жекпе-жегі бойынша келісім жасау қиынға соқпады. Шынымды айтсам, бар болғаны - бірге отырып, келісу ғана қажет болды. Біз екі немесе үш рет кездестік. Келісім жасастық, айқас өтетін болды. Тек кейбір мәселелерді нақтылап алу қажет еді. Менің ойымша, ең қиыны - рингке бірінші болып кімнің шығатынын анықтау болды.
Геннадий Головкин өзінің барлық төрт белбеуін сарапқа салады. Жекпе-жек 160 фунт салмақ держесінде өтеді және бір грамм да жоғары болмауы тиіс. Сондай-ақ, олар өздері дағдыланып қалған 10 унциялық қолғапты қолдануға келісті. Мұның барлығы әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасқан бұрынғы кезді еске түсіреді», - деп келтірді промоутердің сөзін BoxingScene.com.