Альварестің промоутері Головкинмен айқасты өткізуге үміткерлермен кездеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - ESPN тілшісі Дэн Рафаэль Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) Саул Альварестің (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегін ұйымдастырудың жай-күйінің кейбір деректерін жайып салды, деп хабарлайды Sports.kz.
Енді екі аптдан соң олар бұл мәселені шешетін болады. Golden Boy Promotions президенті Эрик Гоместің сөзіне қарағанда, өзінің шешімі жариялау алдында Оскар де ла Хойя түрлі алаңдардың өкілдермен кездеседі»,-деп жазады Рафаэль.
Бұдан бұрын Де ла Хойя бұл бәсекеде Лос-Анджелестегі «Доджерс» стадионы алда екендігін мәлімдеген болатын.
Еске сала кетсек, Головкин - Альварес айқасы 16 қыркүйекте өтеді.