Альварестің промоутері Головкинмен жекпе-жектегі оның мүмкіндіктеріне баға берді
АСТАНА. ҚазАқпарат -Golden Boy Promotions вице-президенті Эрик Гомес Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің болуы ықтимал жекпе-жегіне туралы оптимистік көзқараста, деп жазды Sports.kz.
«Біз GGG - Канело жекпе-жегін ұйымдастыруға ниеттіміз. Том Леффлермен бірнеше келіссөздер өткіздік. Тіпті келіссөздерді аяқтауға жақын тәріздіміз, тек ұсақ-түйек шаруалар қалды. Жекпе-жектің өтетініне 90 пайыз сенімдімін. Геннадийге кепіл ақша сомасын ұсындық. PPV нарығы баяғыдай емес. Бәлкім, бұл айқас фанаттар легін қызықтыруы мүмкін немесе PPV соңғы демі болуы да мүмкін», - деді Гомес NYfights.com тілшісіне.
Сондай-ақ ол Головкинге бастапқыда 10 милллион доллар ұсынғанын, қазіргі соманың одан әлдеқайда көп екенін атап өтті.