Альварестің промоутері реванш келіссөздері туралы айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) промоутері Оскар де ла Хойя жақын арада өз клиентінің басымдылығын анықтап алмақшы, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Лемье - Сондерс жекпе-жекгінің қорытындысын күту қажеттігі және Головкинге қарсы реванштың қыркүйекке қалдырылуы мүмкіндігі туралы айтты.

«Бұл жағдайдың жөні бөлек. Біз Том Леффлермен келіссөз жүргізіп жатырмыз, оның үстіне жақында «Канеломен» кездесемін. Бірақ ол келесі айқасын Головкинге қарсы өткізгісі келеді. Біз осыған әрекет етеміз», - деді Де ла Хойя.

Бұған дейін, Де ла Хойя Билли Джо Сондерс (25-0, 12 КО) пен Давид Лемье (38-3, 33 КО) арасындағы жекпе-жекті күтіп, соның жеңімпазымен айқас ұйымдастыруы мүмкіндігін айтқан болатын. Егер осы жағдай орын алатын болса, Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) болатын реваншты қыркүйекке қалдыруға тура келеді.

Соңғы жаңалықтар