Альварестің жеңілісі оның табысын арттыра түсті - сарапшы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ESPN Deportes сарапшысы Фернандо Барбоса мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің коммерциялық табысына қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Альварестің жеңілісі оның табысын арттыра түсті - сарапшы

«Менен біреу әлемдегі ең табысты боксшы кім деп сұрап еді... Ол сөзсіз Сауль Альварес... Биволға қарсы айқастағы жеңілісі оны одан да табыстырақ ете түсті. GGG-ді соққымен ұрып құлатса, тағы да пайдаға кенеледі. Биволға қарсы реванш өте көп ақша әкеледі!», - деп есептейді сарапшы.

Айта кетсек, Головкин — «Канело» үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте екінші орта салмақта өтеді. Альвареске тиесілі WBC, WBA, IBF және WBO әлем чемпионы титулдары сарапқа салынады.

Мамыр айының басында Сауль Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан жеңіліп қалды.