Альянс банктің миноритарлық акционерлері қайта құрылымдау жобасына қарсылық танытты

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Акционерлер тобының басшысы Жанна Жаненованың айтуынша, қайта құрылымдау жобасы бойынша «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ (67 пайыз) мен кредиторлар комитеті (33 пайыз) банктің акционерлері болып табылады. «Бұл банктің миноритарлық акционерлерін жоққа шығарады. Сондай-ақ жоспарда «Самұрық-Қазынаның» 100 жәй және кепілдендірілген акциясын сатып алу туралы айтылған, алайда «Сеймар-Альянс» қаржы корпорациясы» АҚ мен ҰӘҚ арасындағы келісімде 76 пайыз акциясы сатылуға жатады деп көрсетілген», дейді Ж.Жаненова. Оның айтуынша, қайта құрылымдау барысында миноритарлық акционерлердің акциялары не болатыны туралы ескерілмеген. «Бұл акциялар сатылып, әлде тартылып алына ма белгісіз. 15 желтоқсанда қабылданған қайта құрылымдау жобасында бұл көрсетілмеген», дейді акционерлер тобының жетекшісі. 6 миноритарлық акционерден құрылған топ мүшелері бұл мәселе бойынша Алматы қалалық мамандандырылған экономикалық сотына, Медеу аудандық сотына шағым түсіргендерін айтады. Алайда, қарауға жатпайды деп сот шағымдарды кері қайтарған. Қазіргі таңда акционерлер Алматының Ауданаралық экономикалық сотына шағым түсірген.
1 қазандағы жағдай бойынша банктің 19,89 пайыз акциясы миноритарлық акционерлерге тиесілі.