Альянс, БТА және Темір банктердің берешегін қайта құрылымдауды өте сәтті үлгі деуге болады - Премьер-Министрдің кеңесшісі

АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Альянс, БТА және Темір банктердің қарыздарын қайта құрылымдауды кредиторлардың 90 пайыздан астамы қолдады. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан ІV Қазақстандық инвестициялық саммитте айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Альянс, БТА және Темір банктердің қарызын қайта құрылымдауды сәтті үлгі деуге болады. Оны «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры банктермен бірлесіп жасады. Бұл БТА банкте 11,5 миллиард доллар, Альянс банкте 3,5 миллиард долар, Темір банкте 1 миллиард долларға жуық болды. Қайта құрылымдау кезінде кредиторларға жаңа құралдар берілді», дейді ҚР Премьер-Министрінің және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының кеңесшісі Марсия Фавале-Тартенр. Оның айтуынша, Үкімет банктерге қаржы салу арқылы кредиторлардан нақты инвесторға айналды. Соның арқасында банктер ірілене түсті.

Соңғы жаңалықтар