«Альянсқұрылысинвест» ЖШС директоры кепілдікпен қамаудан босатылды

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткен баспасөз мәжілісінде ведомствоның ресми өкілі Мұрат Жұманбай «Альянсқұрылысинвест» ЖШС-нің директоры Ринат Наймановтың кепілдікпен қамаудан босатылғандығын мәлім етті.

«Альянсқұрылысинвест» ЖШС директоры кепілдікпен қамаудан босатылды

Оның айтуынша, аталған тұлғаға қатысты «Лесная поляна» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қаражатын, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін 3 миллиард 462 миллион теңге көлемінде шығын келтіру арқылы ұрлау фактісі бойынша қылмыстық тергеу ісі жалғасуда.

«Зардап шегушілердің мүддесін, үлескерлердің өздерінің өтініштерін және Астана қаласы Құрылысшылар қауымдастығының арыздарын ескере отырып, сонымен қатар аталған нысандарды аяқтау үшін Үкіметтен қажетті қаражаттың бөлінуіне байланысты сот қаулысымен Р.Наймановқа қатысты шара өзгертілді. Ол кепілге босатылды, ал іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», деді М.Жұманбай.