«Альянсқұрылысинвест» ЖШС директорына үлескерлердің 3, 5 млрд. теңгеге тарта қаражатын талан-таражға салды деген айыппен қылмыстық іс қозғалды - Қаржы полициясы

АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қаржы полициясы «Альянсқұрылысинвест» компаниясының директоры Ренат Наймановқа қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеуде.

«Альянсқұрылысинвест» ЖШС директорына үлескерлердің 3, 5 млрд. теңгеге тарта қаражатын талан-таражға салды деген айыппен қылмыстық іс қозғалды - Қаржы полициясы

Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оған ағымдағы жылы қазанның 18-де «Лесная поляна» тұрғын үй үлескерлерінің 3 млрд. 462 млн. теңге қаражатын талан-таражға салды деген айып тағылып, сот санкциясымен қамауға алынды», дейді М. Жұманбай.