«Әл-Жазира» 500 жұмысшысын қысқартады

АСТАНА. Қатардың «Әл-Жазира» компаниясы 500 жұмысшысын қысқартуды көздеп отырғанын жария етті. Бұл туралы Би-Би-Си агенттігі хабарлады.
None
None

Компания бүкіл әлем бойынша қызметкерлерін қысқартады, ол ең алдымен Қатардағы штаб пәтиерінен басталады. «Шара персоналды оңтайландыру бастамасы аясында жүргізілуде» делінген компания таратқан мәлімдемеде.

Бас директордың міндетін атқарушы Мостефа Суаганың айтуынша, шешімді қабылдау оңайға түспеген, алайда компания «ұзақ мерзіммен алғанда бұл бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін қадам» екеніне сенімді.

«Әл-Жазира» 1996 жылы құрылған. Компанияны Қатар билігі қаржыландырады және әлемде 70-тен астам бюросы бар. Биыл компания АҚШ-тағы «Әл-Жазира» жаңалықтар кабелдік арнасын жабылуын жария етті. Осы жобаға қомақты қаржы жұмсалған еді.

Компания мықты америкалық журналистерді жалдап алу үшін миллиондаған доллар жұмсағанымен оның жаңалықтар бағдарламалары жеткілікті көрермендер тарта алмады.

Соңғы жаңалықтар