2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Алабамада төрт адам торнадо құрбаны болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық   Рехобет қаласында (Алабама штаты) алапат дауыл соқты, деп хабарлады Associated Press.

  Алабамада төрт адам   торнадо құрбаны болды

Қуатты торнадо салдарынан кем дегенде төрт адам ажал құшты.   

Штат губернаторы  Роберт Бентли адамдар өлімін растады.

Көптеген үйлер мен құрылыстар зақымданғаны атап өтіледі.

Бұдан басқа,   Луизиана және Миссисипи штаттарында  80 мыңға жуық адам  жарықсыз қалды.