Алакөл демалыс аймағына туристер ағылту үшін жағдайлар жасалады - ИДМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Инвестициялар және даму министрлігі Алматы облысындағы Алкөл демалыс аймағына туристер ағынын арттыру үшін жаңа маршруттар ашуды қолға алмақ. Атап айтқанда, Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі Қайсар Жұмабайұлы мәлім етті.
None
None

Ресми өкілдің айтуынша, Алакөл демалыс аймағында қазіргі күні жаңа қонақ үйлер, демалыс орындары секілді нысанда салу қолға алынған. «Сонымен қатар, туристер үшін жайлы әрі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Үшарал қаласының аэродромына ұшулар жиілігін қалпына келтіру қажеттілігі туындады. Бұл ретте Инвестициялар және даму министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің Үшарал қаласының әскери аэродромын бірлесе пайдалану туралы бұйрығы да қабылданған. Яғни, аталмыш әскери аэродром азаматтық авиация үшін де қолданылады», - деді Қ. Жұмабайұлы.

Оның айтуына қарағанда, қазіргі күні Үшарал қаласында әуежай құрылысына қатысты жобалық-сметалық құжаттар дайындау аяқталған. 

Соңғы жаңалықтар