20:29, 05 Маусым 2023 | GMT +5
Алақол судьялар қосымша белгіленген зейнетақы жарнасын бюджетке қайтарады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Судья теріс себеппен қызметінен босатылған жағдайда қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналары бюджетке қайтарылатын болады. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов тиісті Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қоса беріліп отырған Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидалары бекітілсін.
Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс», - делінген ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 31 мамырдағы №431 қаулысында.