Алакөл тұрғыны аңшы мылтығымен атып кеткен жігіт ауруханада көз жұмды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Алакөл ауданында 21 жастағы жігіт оқ тиген жігіт, ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19 тамызда сағат 03:30-да Алакөл аудандық ПБ кезекші бөліміне Үшарал қаласындағы аудандық ауруханаға 21 жастағы тұрғынның оқ жарақатымен жеткізілгені туралы хабар келіп түскен. Оқ тиген жігіт қайтыс болған. Осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 9-тармағының 2-бөлігі бойынша ресми тіркелген соң полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

«Үш сағат ішінде көрші ауылдың 23 жастағы тұрғыны күдікке ілінді. Еш жерде жұмыс істемейтін ол оқиға орнынан ізін суытқан. Ұсынылған бұлтартпас айғақтар негізінде күдікті ауыр қылмыс жасағанын мойындады», - деді Алакөл аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Саят Слямов.

Тексеру барысында қылмыс орнының маңындағы қараусыз қалған ғимараттан аңшы мылтығы табылды. Сондай-ақ, жалғыз ұңғылы тағы бір аңшы мылтығы қамыс арасынан судан шығарылды.

«Тергеу барысында анықталғаны, жастар арасындағы кикілжіңнің соңы төбелес пен адам өліміне әкеп соққан. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Саят Слямов.


Соңғы жаңалықтар
telegram