Алакөл жағасынан күн сайын 10 тоннаға жуық қоқыс шығарылып жатыр

None
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Алакөлдің Абай облысындағы жағалауынан күн сайын 10 тоннаға жуық қоқыс шығарылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, жазғы туристік маусымда Алакөл жағасында санитарлық тазарту жұмыстарымен Үржар ауданы әкімдігінің «Мақаншы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны айналысады. Тазалық жұмыстары таңғы 5:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жүргізіледі.


«Көл жағасынан тазалық қызметкерлері күніне 10 тоннаға жуық қоқыс шығарып жатыр. Жағалау мен арбатта күніне 3 рет санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіліп отырады. Жол жиектері қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазартылады», - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар қосымша 200 қоқыс контейнері сатып алынып, демалыс базаларының аумағында қосымша 40 қоқыс жәшігі орнатылған.


«Алакөлдің жағасына келушілердің қатары күн сайын артып келеді. Шипалы көлдің еліміз ғана емес, алыс-жақын шетелдік туристер үшін де тартымды бола беруі әрқайсымыздың қолымызда. Сондықтан халықты тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырамыз», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар