Алакөлде 5 жылдан бері балаларына алимент төлемеген ер адамға үкім шықты

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Жетісу облысының прокурорлары алиментті қасақана төлемей жүрген адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты. 

алимент төлеу
Коллаж: Kazinform

Алакөл ауданының тұрғыны 5 жыл бойы балаларына алимент төлеуден жалтарған.

Нәтижесінде оның 2,6 млн теңге көлемінде қарызы жиналған.

Аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуге бастамашылық жасап (балаларды асырауға қаражат төлеу бойынша міндеттерін орындамау), ол сотқа жіберілді.

Сот үкімімен борышкерге пробациялық бақылау белгілене отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді.

Жыл басынан бері прокуратура шараларымен алимент төлемеген 206 адам әкімшілік жауапкершілікке, 6 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жетісу облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғауға бағытталған түбегейлі шара қабылдауды жалғастырады. 

Соңғы жаңалықтар