Алакөлде демалушы тас лақтырып, кішкентай бала зардап шекті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысындағы Алакөл жағалауында белгісіз ер адам тас лақтырып, 8 жастағы қыз бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақши ауылына Алакөл жағасында демалуға барған ерлі-зайыпты арыз түсірген.

«Шағымданушылардың айтуынша, олар демалыс орнын іздеп жүрген. Сол сәтте олардың көлігіне белгісіз ер адам тас лақтырып, автомобильді бүлдірген. Машинада үлкендерден бөлек, тағы төрт бала болған. 8 жастағы қыз зардап шекті. Ол облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Жедел-іздестіру барысында Жаркент қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол ішімдік ішкендіктен, осындай бұзақылық жасағанын түсіндірді. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің бұзақылық бабымен тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Тергеу барысында күдікті ешқайда кетпеу қолхатымен босатылды.

Айта кетсек, Алакөлге демалуға барып, келеңсіз жайтқа тап болғандар – Талдықорған қаласының тұрғындары.

Еске сала кетсек, бұған дейін жергілікті атқарушы органдарға Үшарал және Үржар әуежайларындағы жөндеу жұмыстарын тез арада аяқтау тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар
telegram