16:13, 26 Тамыз 2020 | GMT +5
Алакөлде гидроскутермен адам қағу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысы, Ақши ауылында көлде адам қағу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Оқыс оқиғаға облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 тамызда Ақши ауылының демалыс орындарының бірінде бойжеткен суда жүзетін көліктің тізгініне ие бола алмай, үш адам мінген үрлемелі матрацты соққан. Салдарынан 8 жасар бала басына жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл факті бойынша ҚР ҚК 359 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Алматы облыстық полиция депаратменті баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық қажетті сараптамалар жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы мен себеп-салдары тексеріліп жатыр.
Бұл іс Алматы облыстық полиция департаменті басшылығының жіті бақылауына алынды.