Алакөлде қар құрсауында қалған балықшылар мен олардың балалары құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері боранда шығысқазақстандық құтқарушылар көлде қалып қойған 5 бала мен 4 ересекті құтқарды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Алакөлде қар құрсауында қалған балықшылар мен олардың балалары құтқарылды

«Кеше күндіз Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы бөлімшесіне көмек сұрағаны туралы хабар келіп түсті. Алакөл көлінде балық аулауға келгендер кенет боранның салдарынан жағалаудан 15 шақырым жерде қалып қойған. Қар құрсауында қалған екі көлікте тоғыз адам болған, оның бесеуі бала», делінген хабарламада.

null 

Құтқарушылар аталмыш жерге жеткенде көліктің бірінің бұзылғанын анықтады. Олар көлікті жөндеуге көмектесіп, зардап шеккендерді Қабанбай ауылына дейін жеткізді. 

null