Алакөлде катамаран аударылып, бес адам суға батып кете жаздады

Алакөл
Фото: ТЖМ

СЕМЕЙ. KAZINFORM – ТЖМ қызметкерлері Алакөл көлінде 5 адамды құтқарды. 

Жағалау аймағын қайықпен патрульдеу кезінде құтқарушылар катамараннан суға түскен ер адамдарға судан шығуға көмектесті.

Кейін олар жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады.

«Адамдар су көлігін басқара алмаған. ТЖМ азаматтардан судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды», - деді Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар
telegram