14:59, 01 Қараша 2017 | GMT +5
Алакөлде туристер саны артып келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Алакөлде 750 мың адам демалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл облыс бойынша туристерге қызмет көрсету көлемі 1,5 миллион адамнан асқан, соның ішінде бір ғана Алакөлге 750 мың адам келген", - деп хабарлады Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Өңір басшысының айтуынша, көл жағасындағы инфрақұрылымды дамытуға жергілікті бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінді. Темір жол қатынасы жолға қойылып, Үшарал қаласында әуежай тұрғызылды және темір жол вокзалының құрылысы басталып кетті.
Облыс әкімі келтірген деректерге сәйкес, үш жылда өңірдегі ақылы туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі 40%-ға артып, 5,5 млрд теңгені құраған.