Аламан бәйгеден Қазақстан чемпионатының жеңімпазы 10 млн. теңге алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аламан бәйгеден Қазақстанның тұңғыш чемпионатының жеңімпазы бас жүлдеге 10 млн. теңге алады. Бұл туралы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығынан хабарлады.
«Ұлтық спорт түрлері қауымдастығы Астанада 14 қыркүйекте өтетін аламан бәйгеден тұңғыш республикалық чемпионатқа дайындық жұмыстарын қызу жүргізіп жатыр. Ұйым басшылығы шараның өтетін орнын, регламентін, төрешілер алқасын, қатысушылар құрамын талқылап, жиналыс өткізді», делінген хабарламада.
Айта кетейік, аламан бәйгенің қашықтығы 43 шақырымды құрайтын болады.