Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева WTT Feeder Istanbul турнирінде қола жүлде алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық үстел теннисшілері Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен WTT Feeder Istanbul турнирінде жүлдегер атанды. 

Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева WTT Feeder Istanbul турнирінде қола жүлде алды
Фото: ҰОК

Отандастарымыз аралас жұптық бәсекеде қола медаль жеңіп алды.

Жарыс барысында Қазақстан құрамасы Хакан Ышық пен Өзге Йылмаздан құралған түрік жұбын 3:2, канадалық Эдвард Ли мен Мо Чжан тандемін 3:0, сондай-ақ грек спортшылары Анастасиос Риниотис пен Элисавет Терпу жұбын 3:1 есебімен жеңді. 

Алайда финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде Чхве Дживук/Ким Ынсо (Оңтүстік Корея) жұбына 1:3 есебімен есе жіберіп, турнирді қола медальмен аяқтады.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет үстел теннисінен әлем чемпионатының 1/8 финалына шыққанын жазған едік.