Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық турнирде жеңіске жетті

ОМАН. ҚазАқпарат - Алан Құрманғалиев Оманда үстел теннисінен өткен халықаралық турнирде екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық турнирде жеңіске жетті

Әлемдік үстел теннисінің (WTT) жасөспірімдер кезеңі бойынша өткен бәсекеде қазақстандық спортшы алтын және күміс жүлдеге қол жеткізді.

Атап айтқанда, 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында күміс медальға ие болса, 15 жасқа дейінгі теннисшілер арасында топ жарып, үздік атанды.

Айта кетерлігі, жарысқа барлығы 17 елден спортшы қатысты.