Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Қатардағы турнирде екі медальға ие болды

АСТАНА.KAZINFORM - Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қатардың Доха қаласында өткен WTT Youth Star Contender халықаралық турнирінде екі мәрте жүлдегер атанды.

Алан Құрманғалиев
Фото: ҚР ҰОК

Жекелей сында қазақстандық спортшы бес мәрте жеңіске жетіп, жартылай финалға дейін жетті. Бұл кезеңде ол командалық жарыстарда жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Абхинандх Прадхивадхиге (Үндістан) жол берді. Осылайша Алан жартылай финалға жеткенінің арқасында қола жүлде алды.

ҚР ҰОК мәліметінше, Алан жұптық сында да үшінші орынға ие болды. Ол бұл жарыста Литва өкілі Игнас Сисановаспен бірге өнер көрсетті.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына өтті.

Кристина Силаева Германиядағы әлем кубогі кезеңінде төртінші орын алды.

 

Соңғы жаңалықтар