Кристина Силаева Германиядағы әлем кубогі кезеңінде төртінші орын алды

АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Силаева Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан әлем кубогінің шешуші кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

Кристина Силаева
Фото: Оlympic.kz

Турнир аясында 500 метр қашықтықта жүлделер мен рейтингілік ұпайлар екінші рет сарапқа салынды.

ҚР ҰОК мәліметінше, Силаева 37,67 секунд уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, төртінші орынға ие болды.

Польшалық Кая Земек-Ногаль (37,25) алтын медаль жеңіп алды. Екінші орынды Германия спортшысы Софи Вармут (37,61) иеленсе, үздік үштікті Нидерланд өкілі Маррит Фледдерюсқа (37,62) түйіндеді.

Айта кетейік, конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Надежда Морозова Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде үздік бестікке енді.

Қазақстан Түркиядағы Премьер-лига турнирін қос алтынмен аяқтады.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум