Алан Құрманғалиев жастар арасындағы Азия біріншілігінің ширек финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM – Үстел теннисінен Қазақстан командасының мүшесі Алан Құрманғалиев жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалына өтті. 

үстел теннисі
Фото: Olympic.kz

Ұлттық олимпиадалық комиететтің мәліметінше, 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында сынға түсіп жатқан Құрманғалиев 1/8 айналымда тайпейлік И Тен Ченнен 4:2 есебімен басым түсті. 

Отандасымыздың келесі қарсыласы – қытайлық Жуйбо Вэн. 

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатыр. 

Еске салсақ, бұған дейін Қытайда өтетін үстел теннисінен Азия чемпионтында кімдер бақ сынайтынын жазған едік.